Атырауда тағы бір ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпарат әлеуметтік желідегі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, 59 жастағы Талғат Назаров үш күннен бері табылмай жатыр.
"Ол ауылдан қалаға келіп, ауруханаға бет алғанымен, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Туыстарының айтуынша, ер адам қаланы нашар біледі, эпилепсия дертімен ауырады, сондықтан адасып кетуі мүмкін. Кеше Жайық өзені аумағынан оның ұялы телефоны мен бас киімі табылған. Алайда өзінен әлі хабар жоқ", - деп жазылған Atyrau OIL мәліметінде.
Massaget.kz бұл жағдайға байланысты Атырау облысы Полиция департаментіне сауал жолдады.
Еске салайық, Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесі де әлі іздестіріліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!