БОРТ №1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ас мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары да көрінеді.
"Бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, қой етінен жасалған қуырдақ, бұзау етінен чебуректер, сиыр етінен тұшпара сорпасы, Каспий бекіресі филесі, лайм сорбеті, ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен "Брискет", карамельді грильяжбен ванильді суфле", - деп жазылған ас мәзірінде.
Айта кетейік, Қазақстанның төрағалығымен Астанада ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде өтіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз