Ауылдардағы тұрғын үйлердің жалпы санынан төрттен бір бөлігінен астамы 1970 жылға дейін салынған. Бұл туралы экономикалық зерттеулер институты зерттеу жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша тұрғын үй қорының жалпы ауданы 419,1 млн шаршы метр, оның 144,5 млн шаршы метрі ауылдық жерлерде орналасқан. Соңғы 10 жылда елдегі тұрғын үй қорының жалпы ауданы 20%-дан астамға, ал ауылдық жерлерде 14,5%-ға өсті.
"Ауыл халқының саны 2014 жылдан 2023 жылға дейін 2,2%-ға немесе 170,4 мың адамға қысқарды. Жалпы, ауыл халқының динамикасы тұрақсыз, оң және теріс үрдістер де байқалады. Егер қарастырылып отырған кезеңде солтүстік-шығыс өңірлерде ауыл халқы басым азайса, онда елдің оңтүстік және батыс өңірлерінің ауылдары (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау) өсімді көрсетті", - делінген ақпаратта.
Институттың мәлімдеуінше, тәуелсіздік алғаннан бері (1991 жылдан 2023 жылға дейін) ауылдық жерлерде 570,9 мың жеке және көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген.
Бұл ел бойынша ауылдық жерлердегі тұрғын үйлердің жалпы санынан 38,1% (1 497,0 мың бірлік) немесе 62,6 млн шаршы метр тұрғын ауданы. Осыдан ауылдардағы қолданыстағы тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 1991 жылға дейін салынған деген қорытынды жасауға болады. Ал, ауылдардағы тұрғын үйлердің жалпы санының төрттен бірінен астамы 1970 жылға дейін салынған", - делінген зерттеу институтының ақпаратында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан бойынша қанша үй су астында қалғанын жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз