- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауылдағы халықтың жағдайы...
Ауылдағы халықтың жағдайы нашарлап барады - депутат
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев бүгінде ауылдағы халықтың жағдайы нашарлап бара жатқанын ашына айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің қоғамдық палатасында депутат ауылдағы қазақстандықтардың жағдайы мәз емес екенін мәлімдеді.
"Қазір ауылдың жағдайы нашарлап барады. Ауыл шаруашылығының да жағдайы нашар. Статистиканы қарасақ, ауыл шаруашылығындағы орташа жалақы - 236 мың теңге. Саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция - 981 миллиард теңге. Мысалы, көлік саласында орташа жалақы - 474 мың теңге. Ауыл шаруашылығына қарағанда бірнеше есеп. Неге? Себебі (бұл салаға салынған) инвестицияның көлемі - 2,5 триллион теңге. Сондай-ақ, тау-кен өндірісінде орташа жалақы - 756 мың теңге. Бұл ауыл шаруашылығы саласына қарағанда 3 есе көп. Себебі мұнда негізгі капиталға салынған инвестиция - 4,7 триллион теңге. Жылжымайтын мүлікпен айналысатын маклерлердің жалақысы да ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардан көп, 251 мың теңге", - деді Анас Баққожаев.
Осыған байланысты ол Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевқа сұрақ қойды.
"Отырыста бюроның негізгі жұмысы тек (ақпарат - еск.) жинау емес деп айтылды. Қазір ең төменгі жалақы да, инвестиция көлемі де ауыл шаруашылығы саласында. Сіздер осы мәселені (жоғары жақта - еск.) көтеріп, мәселенің өзекті екенін айтып жатырсыздар ма? Қандай ұсыныстар беріңіздер?" - деді депутат.
Бюро басшысы барлық жиналған дерек Президент әкімшілігіне берілетінін жеткізді.
"Ұлттық статистика бюросының ең басты мақсаты - мәліметтерді жинау, оларды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну. Біз пайдаланушыларға өз жүйеміз арқылы және ақпаратты талдап, бәрін беріп отырмыз. Енді біз Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің қарамағандамыз. Агенттік өзінің тиісті ұсыныстарын Президент әкімшілігіне және премьер-министрдің аппаратына береді", - деді Мақсат Тұрлыбаев.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен