- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыл тұрғыны көпбалалы...
Ауыл тұрғыны көпбалалы бұрынғы сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеп алған
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны көпбалалы бұрынғы сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алға ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел өзінің бұрынғы сыныптасына көпбалалы отбасы ретінде жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Қалада пәтерсіз жүрген сыныптасы оған сеніп, барлық құжаттары мен жеке деректерін берген.
Нәтижесінде сыныптасының жеке деректерін иеленген ауыл тұрғыны оны атына банктен, бірнеше шағын қаржы ұйымдарынан ақшалай несие және дүкендерден ірі көлемде тауарлық несиелер рәсімдеген.
Жәбірленуші бір миллион теңге көлемінде қарыз болғанын өзіне несие төлеу мерзімі өткені туралы хабарламалар келе бастағанда ғана біліп, полицияға арызданды.
Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина