- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыл тұрғындары үрейленіп...
Ауыл тұрғындары үрейленіп отыр. Атырауда ондаған ауыл құм астында қалуы мүмкін
Теңіздің тартылуы мен құрғақшылық салдарынан Атырау облысында ондаған ауылға құм астында қалу қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Толассыз көшкен қызыл құм қазіргі уақытта Исатай ауылында жағдайды ушықтырып жіберді. Ауыл тұрғындары құмның толассыз көшуі ауыл ішіндегі қозғалысты қиындатқанын айтуда.
"Кез келген уақытта құм үйімізді басып қала ма деп қорқамыз. Толассыз көшкен құмға аңызақ жел қосылғанда қайда кетерімізді білмейміз. Терезелерді ашып, желдету арман болып қалды" дейді ауыл тұрғыны Фаруза Сұлтаналиева.
Исатай ауылының әкімі Аслан Ғұбаштан білгеніміздей, қазір ауылда жағдай қауіпті. Құм тоқтату мақсатында сексеуіл егу жұмыстары қолға алынғанымен, мердігер компания бұл шаруаны аяқсыз қалдырған.
Ресми ақпаратқа қарағанда, былтыр құм тоқтату жұмыстарына 115 млн теңге бөлінген. 27 мың түп сексеуіл егілген.
"Бірақ, мердігер компания жұмысты салғырт ұйымдастырғандықтан, нәтиже болмады. Қазіргі уақытта ауылдың ішіндегі қызыл құмды далалық жерге арнайы көліктермен шығару жұмыстарын ұйымдастырып отырмыз. Бірақ, дамылсыз көшіп отырған құм игертпей жатыр", - дейді Исатай ауылының әкімі Аслан Ғұбаш.
Құм басу қаупі төніп тұрған ауылдардың қатарында Зинеден, Сағыз, Қарабау, Нарын, Қаракөл, Жасқайрат елді мекендері бар.
Баян Жанұзақова
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Қ. Әбілдәқызы