Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары төрт күн ішінде ақша жинап, өз күштерімен балаларға арналған сырғанақ салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушыларын Павлодар облысы Богдановка ауылында түсірілген видео таңғалдырды. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен балаларға арналған үлкен сырғанақ салуға ақша жинапты. Бұл үшін оларға тек төрт күн әрі аз ғана сома қажет болды.
@gelgorn_loft_hause #павлодар??? #казахстан #павлодар #бизнес #астана #экибастуз?? #богдановкасити #алмата #аксу #елка #аксу #бизнесвселе #производство #акимат #типавло ♬ оригинальный звук - gelgorn_loft_hause
"Сырғанақтың құрылысын бастадық. Ауылдың WhatsApp тобында ақша жинау туралы хабарланды. 220 мың теңге жинағымыз келді, бірақ ақырында 258 мың теңге жинады. Сырғанақты құрастыру оңай, кез келген ауыл ақша жинап, осындай тұрғыза алады алады. Бұл үшін миллиондар, тендерлер және т.б. қажет емес", - деді жергілікті кәсіпкер Даниил Гельгорн видеода.
Данилдің айтуынша, компаниялардың жарнама сайттарында осындай көлемдегі сырғанақ 1,3 миллион теңгеден басталады. Ауыл тұрғындары бұл соманы едәуір қысқартып, бюджет қаражатын пайдаланбады. Бұл ретте ауыл әкімі тұрғындардың бастамасын қолдап, жеке қаражатынан 50 мың теңге бөліпті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!