Ферғана облысында ауылдың бірнеше тұрғыны мысықты қамап, жанармай шашып, өртеп жіберген. Олардың үстінен жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.uz-ға сілтеме жасап.
Оқиға видеоға түсіріліп, содан кейін ол әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Ферғана облысы Ішкі істер басқармасы мәліметінше, бұған қатысы бар адамдар анықталған, олар ауыл тұрғындары болып шыққан. Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 111-бабы (Жануарларға қатыгездік) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Ал сот жаза түрін тағайындайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!