Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық дерегі бойынша күдікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартты деген күдікке ілінді, осы арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден аса шығын келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова