3 қарашада Мәскеуде мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби басқару жөніндегі «Жобалық Олимп» байқауының негізгі номинацияларының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі болып өтті, - деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұйымның жобалық қызметін жүйелік басқару» номинациясы бойынша 3 орынды иеленді. Сонымен қатар, ҚР АШМ «Жобалық қызметті стратегиялық басқарудағы тиімді шешім үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды.
Байқаудың мақсаты: өз қызметінде жобалық басқарудың тиімді құралдардын белсенді енгізетін барлық деңгейдегі мемлекеттік сектордың мекемелеріне қолдау көрсету; мемлекеттік сектордың жобалық басқару тәжірибесін табу, көрсету, көпшілікке тарату; жобалық және бағдарламалық-мақсатты басқару мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік сектор мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.
Байқаудың қазылар алқасы РФ Президенті Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, министрліктер мен ведомствалар және сарапшы қауымдастық өкілдерінен құралған.
Байқау барысында нақты бір жоба немесе бағдарлама емес, ұйымдағы жобаларды тиімді басқару жүйесі бағаланады.
Айта кетерлік жайт, бағалау нысаны ұйымның жалпы қызметі немесе бір қанаты да бола алады.