- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауыл" партиясының жаңа...
"Ауыл" партиясының жаңа төрағасы сайланды
Бүгін Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті, оған партияның 20 өңірдегі филиалдарынан делегаттар қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, съезде қаралған басты сұрақ жаңа төрағаны сайлау болды.
"Парламент Мәжілісіндегі "Ауыл" саяси фракциясының партиямыздың сайлауалды бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының депутаттар алдына қойған міндеттерін орындау жөніндегі жұмысын жандандыру қажет, осыны ескере отырып, Мәжілістің сайланған депутаттары арасынан партияның жаңа көшбасшысы болуға тиіс деп есептеймін", - деді Әли Бектаев.
Партияның жаңа төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев сайланды.
Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ауыл шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару органдарында практикалық тәжірибесі бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан