Қызылорда облысында жеке кәсіпкер тұрғызып жатқан спорт кешеніндегі оқыс оқиғадан 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін, 25 қаңтарда сағат 11:10 шамасында Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде болған.
"Жанқожа батыр 3 км көшесінде жеке кәсіпкер Н.Амановтың жаңадан салып жатқан спорт кешенінің төбе жабынын жабу жұмыстары барысында төбе ағаштарының құлауы салдарынан 5 азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі.
Аудандық ауруханада 4 азамат, теміржол ауруханасында "бас миының шайқалуы" диагнозымен бір азамат жатыр.
Аталған факт бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!