Дефектолог Мадина Халықберген Айгерім Сейфоллаға берген сұхбатында аутизммен ауыратын балаларды емдеу жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше аутизм - әлеуметтік қарым қатынастың экстрималды төмен деңгейі мен стератипті мінез-құлықпен сипатталатын психикалық бұзылыс.
"Ең алдымен дағдылары төмен балалар. Мен ол баланы функционалды түрде орташа жұмыс жасай алатын балаға айналдыруға болады. Ал орта деңгейдегі аутизмге шалдыққан баланы жоғары функционалды балаға айналдырамыз. Алайда ол толық бұл аурудан 100 пайыз айыға алмайды. Сондықтан баланың қай бағытта жетістікке жете алатынын анықтап, соның төңірегінде баланы дамыту керек", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!