- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аутизммен ауыратын баланы...
Аутизммен ауыратын баланы толық қалпына келтіру мүмкін бе? Маман кеңес берді
Дефектолог Мадина Халықберген Айгерім Сейфоллаға берген сұхбатында аутизммен ауыратын балаларды емдеу жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше аутизм - әлеуметтік қарым қатынастың экстрималды төмен деңгейі мен стератипті мінез-құлықпен сипатталатын психикалық бұзылыс.
"Ең алдымен дағдылары төмен балалар. Мен ол баланы функционалды түрде орташа жұмыс жасай алатын балаға айналдыруға болады. Ал орта деңгейдегі аутизмге шалдыққан баланы жоғары функционалды балаға айналдырамыз. Алайда ол толық бұл аурудан 100 пайыз айыға алмайды. Сондықтан баланың қай бағытта жетістікке жете алатынын анықтап, соның төңірегінде баланы дамыту керек", - деді ол.
"Балада ақыл ойдың артта қалуы, мидың жалпы бұзылуы баладағы интелекттің төмендігіне әкеліп соғады. Ал интелект төмен болған жағдайда когнитивті процесстер төмен болады. Ал кейде керісінше балаларда когнитивті процестер өте жоғары болады. Мысалы менде емделіп жатқан үш жастағы бала бар. Ол оқи алады. Алайда үш жастағы баланың өздігінен оқуы қалыпты жағдай емес. Сондықтан вундеркинд баладан да қорқу керек" дейді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов