Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс жағалауында көздері томпайып, адамға ұқсайтын таңғажайып теңіз акуласы ұсталды, - деп хабарлайды Russian Traveler басылымы.
Басылым мәліметінше, жұмбақ теңіз жануары шамамен 650 метр тереңдіктен ұсталған.
Балықшы әлеуметтік желіде акуланың суретін бөлісті. Суретте өлген акуланың терісі, үлкен, сүйір тұмсығы, үлкен дөңес көздері және ақ тістері көрсетілген.
Акуланың ерекшеліктері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, пікір жазушылар қай түрге жататынын да болжаған. Ең көп айтылған болжам - бұл бразилиялық жарқыраған акула немесе кескіш акула, кейін гоблин акуласы деген нұсқалар да болды.
"Менің ойымша, бұл Аустралия жағалауындағы суларда мекендейтін терең теңіз дапатия Dalatias licha (қара акула және америкалық тік ауызды акула деп те аталады). Бұл үлгіні толық көрмей тұрып, нақты айту қиын", - деді Калифорния штатындағы Лонг-Бич университетінің акулалар зертханасының директоры Кристофер Лоу.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!