- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауруынан шаршаған". Оралда...
"Ауруынан шаршаған". Оралда ер адам пышақты тамағына қойып, өзіне қол жұмсамақ болды (видео)
28 қыркүйекте полицияға Оралдағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы Юбилейная аялдамасында бейтаныс ер адам қолына пышақ алып, тамағына қойып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабар түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы келіп жетеді. Жасұлан Балмағанбетов ер адамды сөзге тартып, көңіл аулау кезінде әріптесі Мұхаммадрасул Рашитов жігіттің артынан келіп, суық қаруды қолынан тартып алады да, жерге құлатып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
Ұсталған адам Оралдың 1984 жылы туған тұрғыны екені және бірнеше уақыттан бері созылмалы ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды.
Оқиға орнынан пышақ тәркіленіп алынды. Түсініктеме бергенде ол ауруынан шаршап, осындай қадамға еріксіз барғанымен түсіндіріп берді.
Қазіргі уақытта жігіт Оралдың уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.
@raffaeluly007 #уральск #полицияказахстана ♬ оригинальный звук - R.Raffaeluly
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан