- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауруханада өткен 60...
Ауруханада өткен 60 күн: алматылық дәрігерлер күйік шалған ер адамды аман алып қалды
№4 қалалық клиникалық аурухананың комбустиологтары денесінің 70 пайызын күйік шалған науқастың емі аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.
34 жастағы ер адам ауруханадан үйге шығарылды.
Жазатайым оқиға сәуірдің 20-да таңертең орын алған. Шухраттың жұмыс орнында дизель отынының багы жарылып, нәтижесінде ол жалыннан күйік алған. Оқиғадан кейін ер адам бірден жақын маңдағы Ұйғыр ауданындағы ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас жедел жәрдем бригадасының сүйемелдеуімен Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
- Жансақтау бөлімінде терапевт, нейрохирург, хирург, реаниматолог, травматолог мамандарымен көпбейінді тексеру жүргіздік. Термиялық зақымдану аймағының тереңдігі мен кеңдігі, ауырсыну синдромының 8 балл болуы, күйік ауруы салдарынан науқастың жалпы жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған денедегі 70-79% термиялық күйік, күйік токсемиясы сатысындағы күйік ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының күйігі диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, ол келесі 9 күнді сонда өткізді,- дейді Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина