- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауруханада қайтыс болған:...
Ауруханада қайтыс болған: Ақтөбе облысында 8 жастағы баланы көлік қақты
Фото:
Тengrinews
Ақтөбе облысында 8 жастағы баланы жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бала ауруханада қайтыс болған.
"22 мамырда қала маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында Honda көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жастағы баланы қағып кетті", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі күнде 75 жол апаты болғаны хабарланған еді. Салдарынан 27 адам қаза тапты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова