"Ауруханада ауыр жағдайда жатыр". Атақты экс-президенттер немен айналысып жүр?

"Ауруханада ауыр жағдайда жатыр". Атақты экс-президенттер немен айналысып жүр?

Бірнеше жыл не мерзім басқарып, көптің есінде қалған экс-президенттер бүгінде қайда жүр? Олар немен айналысады? Massaget.kz тілшісі шолу жасап көрді.

Ақаевқа қатысты барлық қылмыстық іс тоқтатылды

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев бүгінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. Ақаев 2005 жылы 24 наурызда "қызғалдақ революциясынан" кейін Ресейге кетіп қалған болатын. Сол жылдан бері экс-басшы Ломоносов атындағы ММУ-де жұмыс істейді.  

Былтыр Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Ақаев Қырғызстанның қазіргі билігі, яғни Садыр Жапаровтың тарапынан ешқандай қарсылық жоғын, ол Қырғызстанға еркін келіп жүре алатынын айтқан болатын. Ал бүгін Ақаевқа қатысты барлық қылмыстық іс тоқтатылғаны хабарланды.  

Айта кетейік, Асқар Ақаев Қырғызстанда 1991-2005 жылдар аралығында басшылық етті. 

Назарбаев - зейнеткер 

Ал Қазақстанның экс-президенті бүгінде зейнеткер. Бұл туралы ол былтыр қаңтар оқиғасы саябырсығаннан кейін 18 қаңтарда арнайы видео арқылы халық алдына шығып хабарлаған болатын. 

Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанын, ендігі зейнеткер екенін жеткізген болатын. Сонымен қатар, Назарбаев "астанада зейнеткерге лайық демалысында" екенін атап өтті. Арасында Нұрсұлтан Назарбаев экс-әріптестерімен кездесіп тұрады. Мысалы, былтыр 15 қазанда Елбасы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездескен болатын. 

Назарбаев пен Лукашенко бір-бірін жылы қарсы алып, әңгімелесіп қайтқан. Артынша, Елбасы Лукашенкоға сыйлық берген. 

Порошенко халықпен бірге

Ал Украинаның бесінші президенті Петр Порошенко бүгінде өз отанында жүр. Әлі күнге дейін әлеуметтік желідегі парақшаларын белсенді жүргізіп отырады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петро Порошенко (@petroporoshenko)

Порошенконың 369 мың оқырманы бар Instagram-парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, ол командасымен ел әскері мен тұрғындары материалдық та көмек көрсетіп тұрады. Тұрғындармен жиі кездесіп, суретке де түседі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петро Порошенко (@petroporoshenko)

Дональд Трамп - миллиардер

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп саяси қызметінен бөлек кәсіппен айналысады. Миллиардер 2017 жылдың 20 қаңтарынан 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін Америка Құрама Штаттарында басшылық еткен болатын.

Reuters

Дегенмен Трамп саясатқа да араласып тұрады. Ол елдің қазіргі басшысы Джо Байденге қатысты өткір мәлімдемелер айтады. Мысалы, былтыр Рождество мерекесінде экс-президент америкалықтарды құттықтап, ал Байденді ақымаққа теңеген болатын. 

Михаил Саакашвилидің жағдайы қиын 

Грузин және украин саяси және мемлекеттік қайраткері, Грузияны 2004-2007 жылдары және 2008-2013 жылдары екі мерзім басқарған Михаил Саакашвили соңғы мәліметтер бойынша ауруханада ауыр жағдайда жатыр. 2022 жылы 30 желтоқсанда америкалық токсиколог маман Дэвид Смит Саакашвили ауыр металдармен уланғанын айтты.

Токсикологтың сөзінше, экс-басшы сынап, мышьяк және барийден уланған болуы мүмкін. Ал олар металдың ауыр түріне жататындықтан, ағзадан белгілі бір уақыттан кейін ғана шығады және шығу барысында кейбір дене мүшелерін зақымдауы мүмкін. 

© Special Penitentiary Service of Georgia

Дэвид Смиттің сөзінше, мұндай жағдайдан кейін Саакашвили мүгедек болып қалуы мүмкін не өліп кетуі мүмкін екен. 

Айта кетейік, Михаил Саакашвилиге президент лауазымынан кейін бірнеше айып тағылған болатын. 2018 жылдың 5 қаңтарында Тбилиси қалалық соты Грузияның бұрынғы президентін қызмет бабын асыра пайдаланғаны және Ішкі істер министрлігінің бұрынғы шенеуніктерін түрмеден заңсыз мерзімінен бұрын босатқаны үшін үшін кінәлі деп тапты. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

2018 жылдың 28 маусымында Тбилиси қалалық соты Гелашвилиге шабуыл ұйымдастырды деген айыппен Саакашвилиді сырттай 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина