Қазіргі заманда ұйқысыздықпен қиналатын адамдар саны күннен күнге артып жатыр. Ұйқысыздыққа шалдығудың себептері көп. Солардың бірі - дұрыс тамақтанбау. Невролог және нутрициолог дәрігер Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында қандай тағамдар ұйқыны реттейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер біраз уақыт бұрын вирустық инфекциямен ауырып не уланған болсаңыз, ағзаны тазартпай, ұйқыны қалыпқа келтіру мүмкін емес. MSG уыттылығы, жалпы кез келген басқа улануда ағзаға ең қоректі тағамдарды тұтыну арқылы тазартуға болады. Олар: жемістер, көкөністер, шөптер және табиғи өнімдер. Бұлар өздігінен тазартуды әлдеқайда жеделдетеді.
Таңертең аш қарынға лимон қосылған суды ішуді әдетке айналдырыңыз. Мәселен, осы әдісті үзбей қолдансаңыз, бауыр түнде аз жұмыс жасайды. Соның арқасында түнгі ұйқыңыз да бұзылмайды.
Бүйрекүсті безі әлсіреуінің ең бірінші себебі - жиі тамақтану. Мысалы, әр 1,5-2 сағат сайын тамақтанса, кері әсерін тигізеді. Бірақ күніне тек 2-3 рет тамақтан демеймін. Өйткені қандағы глюкоза төмендесе, адреналинді шығаруға мәжбүр болады. Құрамында адреналині бар тамақтарды көп қолданбауға тырысыңыз.
Адреналин қандай тағамдарда бар? Тауық еті, сиыр еті, күркетауық, балық т.б ет түрлері. Өйткені, жануар қанында болатын гормон сақталады.
Асқорыту дұрыс жұмыс істемесе де ұйқысыздыққа әкеледі. Сондықтан табиғи микрофлораны қалпына келтіру керек. Жеміс-жидек, көкөністердің, шөптердің бетінде жуылмаған күйде сақталған микробтарды тұтынсаңыз, әлбетте, зиян.
Егер ұйқы аталған әдістерден жақсармаса, қалқанша безді қалыпқа келтіру қажет. Әрине, ол үшін дәрігер кеңесі қажет.
Ал жалпы пайдалы тағамдарды тұтынсаңыз, ұйқысыздықты жеңе аласыз.
Бұдан бөлек шөпті шайларға бал қосып, пеште пісірілген картоп пен авокадо мазасыздықты жойып, жақсы демалуға жақсы көмектеседі.
Әр жейтін тағам түнде жақсы тынығып, таңертең сергек тұруға көмектескені дұрыс.
Себебі ағаны токсиндерден тазартатын тағам әрқашан пайдалы.