- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауруды жұқтырғандар саны...
Ауруды жұқтырғандар саны 120 есе өскен: дәрігерлер жөтелге назар аударуды сұрады
Қазақстанда көкжөтел жұқтырғандар саны 120 есеге өсті: Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы көкжөтелдің 3 жағдайы, 2023 жылы 393 адам тіркелген. Жыл сайын әлемде көкжөтелден миллионға жуық бала қайтыс болады. Қазақстанда көкжөтелге қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың себептері қандай және бұл ауру неліктен қауіпті? Алматыдағы №36 қалалық емхананың балалар дәрігері Венера Бакиева көкжөтелге қатысты Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл сайын қанша адам көкжөтелмен ауырады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын 60 миллионға жуық адам көкжөтелмен ауырады.
Бұл ауру әсіресе кімге қауіпті?
Көкжөтел әсіресе мына адамдар тобы үшін қауіпті болуы мүмкін:
Балалар. Кішкентай балалардың иммун жүйесі жетілмеген, сондықтан олар инфекцияларға, көкжөтелге осал болады. Ереектерге қарағанда балаларда көкжөтел жиі асқынады. Көкжөтелден қайтыс боалтындардың көпшілігі бір жасқа дейінгі балалар.
Жүкті. Жүкті әйелдер иммун жүйесінің және физиологияның өзгеруіне байланысты ауруды жұқтыруға бейім болады. Көкжөтел ананың да, тумаған баласының да денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Иммун жүйесі әлсіреген адамдар. Созылмалы аурулардан зардап шегетін, иммуносупрессив дәрі-дәрмектерді қабылдайтын немесе ауыр емдеуден өткен адамдар (мысалы, химиотерапия) инфекцияларға, соның ішінде көкжөтелге бейім.
Қарттар. Егде жастағы адамдарда иммун жүйесі әдетті әлсіз және созылмалы ауруларға шалдығуы мүмкін, бұл оларды көкжөтелдің ауыр асқынуларына бейім етеді.
Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар. Демікпесі, өкпенің созылмалы обструктив ауруы (HOSD), бронхтың кеңеюі немесе тыныс алу жолдарының басқа созылмалы аурулары бар адамдарда көкжөтел басқа науқастарға қарағанда ауыр болуы мүмкін.
"Адамдардың бұл топтары үшін көкжөтел денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Оларға медициналық мамандардың мұқият бақылауы мен ем шаралары қажет. Егер сізде көкжөтел пайда болса немесе бұл инфекция барына күдіктенсеңіз, кеңес алу және емдеу үшін дәрігерге барыңыз", - деп атап өтті доктор Бакиева.
Көкжөтел неге қауіпті?
Көкжөтел тыныс алу жолдарының бұзылуына, мидағы қан айналымы проблемаларына және басқа да қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.
Инфекцияның негізгі асқынуларының арасында:
- өкпе проблемалары, соның ішінде пневмония және плеврит;
- құлақтың естімеуінен әкелетін отит;
- мұрыннан қан кету, торлы қабық пен ми аймағына қан кету;
- кіндік, шап жарығы;
- ұстама, эпилепсиялық ұстамалардың дамуы;
- невроздар.
Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттанғандар саны неге артты?
Қазақстанда ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне байланысты көкжөтелмен сырқаттанғандар саны артқаны байқалады. Науқастардың көпшілігі - вакцинацияланбаған балалар.
Көкжөтел қалай жұғады?
Инфекцияның қоздырғышы - көкжөтел таяқшасы (латын тілінде Bordetella pertussis). Дене осы микробтан бөлінетін антигендер мен токсиндерге, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне және ұзақ мерзімді қабынуға жауап береді.
Көкжөтел таяқшасы сыртқы факторларға тұрақсыз, ультракүлгін және дезинфекциялық заттарға сезімтал.
Ауру мұрын-жұтқыншақ пен тыныс алу жолдарынан шырыш пен сілекей бөлшектері арқылы, жөтелгенде, айқалағанда, түшкіргенде беріледі.
Аурудың белгілері қандай?
Көкжөтел таяқшасы ағзаға енген сәттен бастап алғашқы көріністерге дейін екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде науқастың шағымдары болмайды, бірақ инкубация кезеңінің аяғында ол айналасындағыларға жұқпалы болады. Себебі жинақталған көкжөтел таяқшалары жөтелгенде, түшкіргенде, жылағанда, айқайлағанда денеден белсенді түрде шығарылады.
Ауру біртіндеп басталады-температура аздап көтеріледі, әлсіздік пайда болады.
Ауру мұрыннан басталады, бірақ бірте-бірте жөтел тоқтамай, керісінше күшейеді. Екінші аптаның аяғында жөтел ауырлай түседі, тыныс алудың қиындап, ұстамалар пайда болады.
Егер жөтелі жиі болса, тәбет пен ұйқы қашып, жалпы жағдайы нашарлайды, адам айтарлықтай арықтайды.
Мұндай белгілер пайда болған кезде не істеу керек?
Егер көкжөтел белгілері пайда болса, тезірек дәрігермен кеңесу керек.
Алдын алудың негізгі шаралары қандай
Қазақстанда көкжөтелдің алдын алу үшін АбКДС-Хиб-IPV вакцинасы қолданылады (көкжөтелден, дифтериядан, сіреспеден, В типті гемофильді инфекциядан және полиомиелиттен). Ол Францияда өндірілген.
Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 3 екпе – 2 айдан бастап 1 ай аралығымен, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жылда, екінші ревакцинация – 6 жылда жүргізіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек