Маңғыстау облысының орталығында кішкентай қызға тиіскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды inAktau.kz.
Басылым мәліметінше, Ақтауда белгісіз ер адам 8 жастағы қызды аңдып, азғындамақ болған. Оқиға 28 қыркүйекте 17:30 шамасында орын алған.
Оқиғаның видеосы бірқатар ақпарат құралдарында жарияланған болатын.
Онда белгісіз ер адамның 8 жастағы оқушы қыздың соңынан аңдып жүріп, оның денесін ұстағаны түсіп қалған.
Полиция бұл дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
"Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша толық және объективті тексеру жүргізіліп, содан кейін құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тәжірибелі тергеушіге жүктелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", - деді Ақтау қалалық полиция басқармасының өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!