Қызылорда облысында 59 түп сора өсімдігін еккен аудан тұрғыны құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.
Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 59 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
"Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келі 362 грамм екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз