- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аула сыпырушысы болып...
"Аула сыпырушысы болып жұмыс істедім". Құдайберген Бекіш жастық шағын еске алды
Фото:
Видео кадры
Танымал әнші Құдайберген Бекіш жастық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "ХабарLike" бағдарламасында бөлісті.
"Аула сыпырушысы болып жұмыс істеген кезім болды. Мен Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірдім. Біз студент кезде 5 жыл оқитынбыз. Ол кезде ауылдан келген қап-қара баламын. Ештеңем жоқ. Жалғыз шешем болды. Менің ойым жұмыс істеу, оқу болды. Мен таңғы 4-тен 8-ге дейін кафеде аула сыпырушысы болып істейтінмін. Маған ұнайтын. Ән айтып жүріп, сыпыратынмын. Кейін сабақша барамын. Кешке театрда хорда жұмыс істедім. Қалталы студент болдым. Тіпті телевизорым болды", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек