ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйіндегі сәнді бұйымдар 7 қазанда аукционда сатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды.
Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда өтті.
Сатылған бұйымдар
Аукционға екі қалам шығарылды:
- Montegrappa Italia деген жазуы бар қалам 925-күмістен жасалған. Оны 440 мың теңгеге сатып алған.
- Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы. Ол 402 мың теңгеге сатылған.
e-qazyna.kz
Ал "Алма Отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" атты монеталар жиынтығы шамамен 199 мың теңгеге сатылған.
e-qazyna.kz
Компания Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған қылыштарды да сатқан: олардың бірі 930 мың теңгеге, ал екіншісі 837 мың теңгеге сатылған.
Сондай-ақ, болат қындағы қанжар 185 мың теңгеге сатылған.

e-auction.e-qazyna.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова