Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабанда жолымен тасымалдау әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталған.
"Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ доллары болуы мүмкін 30 келі ауған гашиші тәркіленді. Бұл дерек бойынша Ресейдің құзыретті органдары соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!