Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-ға жетіп, жараланғандар саны 600-ден асты, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.
Жергілікті билік қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін айтып отыр.
Жаралыларды эвакуациялап, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін тікұшақтар жұмыс істеп жатыр.
Ел билігі шұғыл көмек алу үшін халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жүгінген.
Америкалық сейсмологтар жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтылады.
Қайтыс болғандардың көбі елдің шығысындағы Пактика провинциясында.
Еске салайық, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01:30 шамасында басталған.