Ауғанстанда тәліптер әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды

"Талибан" қозғалысы әйелдерге қоғамдық орындарда басқа әйелдермен сөйлесуге тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, талибан "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл заңға сәйкес әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы "жамандық" болып саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа "жамандық пен ізгілік шектеулерін" айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

Еске салайық, 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның еріп жүруінсіз саяхаттауға және көпшілік алдында сөйлеуге, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға да болмайды. Сұлулық салондарына да бара алмайды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы заң да күшін жойған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!