Ауғанстанда халықтың жартысына жуығы аштық сезініп отыр - БҰҰ

Ауғанстанда халықтың жартысына жуығы аштық сезініп отыр - БҰҰ
Фото: ©REUTERS

БҰҰ-ның Кабулдағы азық-түлік агенттігі өкілі Филиппа Кропфа Ауғанстанда ел халқының жартысына жуығы аштықтан зардап шегетінін айтты, - деп хабарлайды UNRIC.

БҰҰ өкілінің сөзінше, Ауғанстанның әрбір екінші тұрғыны аштыққа тап болған.

"40 миллион халқы бар елде бес жасқа дейінгі 7 миллион бала мен ана тамақтанбайды", - деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылғы тамызда Талибанның билікті басып алуының салдары миллиондаған адамның кедейлік шегінен төмен өмір сүруіне әкеп соққан және халықаралық көмек тоқтаған. Ол ауғанстандықтардың аштықтан өлмейтінін, бірақ гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін ресурстары қалмағанын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова