- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауғанстанда әйелдерге ЖОО-ға...
Ауғанстанда әйелдерге ЖОО-ға түсуге тыйым салынды - БАҚ
"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) өкілдері Ауғанстанда әйелдерге жоғары оқу орындарында оқуға тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Ауғанстан жоғары білім министрлігінің айтуынша, шешім Талибан үкіметінің отырысынан кейін жарияланған.
"Баршаңызға келесі ескертуге дейін әйелдердің оқуын тоқтату туралы бұйрықты дереу орындауға кеңес береміз", - делінген министрліктің барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орнына жолдаған хатында.
Бұл хатты Білім министрлігінің өкілі Twitter-де жариялады. Тыйым қыздар мен әйелдердің 6-сыныптан кейін оқуға болмайтынын білдіреді.
مهمه خبرتيا!! pic.twitter.com/9EwiUOkipN
— حافظ ضياءالله هاشمي (@HafizZeiya) December 20, 2022
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайстың айтуынша, бұл қабылданбайтын ұстаным Талибанға айтарлықтай әсер етіп, оларды халықаралық қауымдастықтан одан әрі алшақтатады.
"Америка Құрама Штаттары тәліптердің ауғандық әйелдерге университетте білім алуына кедергі жасау жөніндегі шешімін айыптайды", - деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Адриен Уотсон.
3 million.
— UNICEF South Asia (@UNICEFROSA) September 9, 2022
That’s the estimated number of girls in Afghanistan who are not allowed to complete their secondary education.
This needs to change. Now. #LetMeLearn pic.twitter.com/0E0UnaUkfR
Талибанның мәлімдемесі Нью-Йоркте Ауғанстан мәселесін талқылаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да айтылды.
"Талибан" барлық ауғандықтың құқықтарын, әсіресе, адам құқықтары мен әйелдер мен қыздардың негізгі бостандығын құрметтемейінше, халықаралық қауымдастықтың заңды мүшесі болмайды", - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Роберт Вуд.
Айта кетейік, жоғары білім алуға тыйым салу бүкіл ел бойынша мыңдаған әйел университетке түсу емтихандарын тапсырғанына үш ай өтпей жатып күшіне енген, оның көпшілігі мұғалім немесе дәрігер болуды армандаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек