Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәлімет пен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемді заңсыз алғаны анықталған.
"Бұл ақшаға құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған. Прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар, алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!