Делиден Ченнайға ішкі рейс орындаған үндістандық IndiGo әуекомпаниясының ұшағы салонда пауэрбанк өртенуіне байланысты Хайдарабад қаласына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 11 қазанда 6E 6115 рейсінде болған. Әуекомпания мәліметінше, жолаушылардың бірінің пауэрбанкі өртенген.
Ұшқыштар бағытты өзгертіп, ұшақты Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға қондыру туралы шешім қабылдаған. Бортсеріктер өртті сөндірген.
An IndiGo flight from Delhi to Chennai diverted to Hyderabad’s Rajiv Gandhi International Airport after a passenger’s power bank caught fire mid-air. The cabin crew extinguished the fire, and the aircraft landed safely. All passengers and crew members are safe. Authorities have launched an investigation into the incident. 🔗 https://t.co/KMMSe4t2Vm Written by: Nikhila Henry
— The Indian Express (@IndianExpress) October 11, 2026
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап әуекомпаниялар пауэрбанкті тасымалдау ережелерін күшейте бастады. 2025 жылғы 13 наурыздан бастап мұндай талаптар қазақстандық әуекомпанияларда да қолданылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова