Тәжірибелі саяхатшылар ұзақ рейстен кейін өздерінің жеке гигиена ережелері туралы айтты. Бұл сұрақ желіде қызу талқыға түскен еді. Ұшуға дейін немесе одан кейін душ қабылдауға бола ма? Сарапшылардың пікірі қандай. Бұл туралы The Sun басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Менеджер Травис Каринчи өз жұмысына байланысты айына шамамен 60 000 миль қашықтықты ұшып өтеді. Оның айтуынша, ол ұзақ жолдан кейін ыстық душ қабылдауға тырысады. Алайда су денені күйдіретіндей болмауы керек.
"Мен ұзақ ұшатыныма қарамастан тым ыстық душтан аулақпын. Өйткені ол теріні құрғатады", - дейді ол.
Аббас Кананидің айтуынша ыстық душ тері ауруларын тудыруы мүмкін және терінің бетіндегі табиғи майлар мен пайдалы бактерияларды жою арқылы безеудің пайда болуын арттыруы мүмкін екен.
"Тым ұзақ душ қабылдау (әсіресе ыстық душ) теріңізді табиғи майлардан тазартып, оның құрғауына әкелуі мүмкін", - деді ол.
Webmd сарапшыларының пікірінше ұшудан кейін суық суға шомылу әлдеқайда жақсы. Өйткені суық су қан айналымын жақсартып, бойыңызға қуат береді.
Танымал туристік веб-сайттың редакторы Ники Келвин ұшар алдында таңертең душ қабылдау уақыт өлтіреді деп санайды.
"Ұшаққа таңертең мінер болсаңыз түнде душ қабылдағаныңыз абзал. Бұл дайындық уақытын 20 минутқа қысқартады. Демек сіз ұйқыңызды қандыра аласыз. Ал ұшақтан түскеннен кейін кем дегенде душқа түскеніңіз абзал", - дейді Ники Келвин.
Арасында портал сарапшылары ұзақ ұшудан кейін қалпына келтіруге көмектесетін бірнеше кеңестер беріді. Мысалы, межелі жерге келгеннен кейін бірден ұйықтамаңыз. Әсіресе ол жерде күн батпаған болса көз ілдіруге болмайды. Шаршағаныңызды жеңіп, кеш болғанын күту керек. Бұл жергілікті уақытқа тезірек бейімделуге көмектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!