Астананың тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігіне аудит жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, тексеру барысында елеулі бұзушылықтар анықталған. Яғни:
Аудит қорытындысы бойынша 32,3 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 50,3 млрд теңге тиімсіз жоспарлау және 1,5 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз пайдалану анықталды. Ықтимал қаржылық шығындар 32,5 млрд теңгеге бағаланады. 160 процедуралық бұзушылықтар және 12 жүйелік кемшіліктер анықталды.
25 шілдеде тексеру комиссиясы Астана қаласы мәслихаты депутаттарының қатысуымен аудит нәтижелерін талқылады.
Былтыр қазан айының басында жоғары аудиторлық палата соңғы бес жылда жергілікті атқарушы органдардың жалпы борышының 2,5 есе өскенін, сондай-ақ бақылаудың тиімділігінің жеткіліксіздігін анықтады, бұл өңірлерге кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауда тәуекелдер туғызады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз