- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аудармашы болдым". Тұңғышбай...
"Аудармашы болдым". Тұңғышбай Жаманқұлов өзі туралы ел біле бермейтін деректі айтты
Аты аңызға айналған актер Тұңғышбай Жаманқұлов өзі туралы ешкім біле бермейтін деректі бөлісті. Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер 2-курста оқып жүрген кезінде Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрға жұмысқа орналасқан. Бірақ алғашында актер болып жұмыс істемеген екен. 50 жылдан аса өмірін өнерге арнаған ол өзі туралы ел күтпеген деректі бөлісті. Өнер иесі кезінде театрда ілеспе аударма бөлімінде аудармашы болған.
"Ұстазым Хадиша Бөкеева жарықтық он бір баланың ішінде солбырлау болып жүргенімді байқайтын болуы керек, сол мені театрға спектакльдерді орысша аударма жүргізуге, ауырып қалған диктор апамыз бар еді, сол кісінің орнына орналастырды. Аудармашы болып жұмыс істегем. Әжептәуір алатынбыз. 60 сом. Өте жақсы оқығандықтан Лениндік стипендия алдым. Сондықтан әжептәуір бай актер болдым", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова