Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауына байланысты жиын өтті. Жиында 42 аудан және 3 қала әкімінің сайлауы өтетіні хабарланды:
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда биыл республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы пилоттық түрде өтетінін мәлімдеген болатын. Ал 2025 жылдан бастап тұрақты түрде әкім сайлауы өтеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар мен табиғат ескерткіштері арасындағы айырмашылық
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!