Аудан және қала әкімі сайлауына енген облыстар анықталды

Аудан және қала әкімі сайлауына енген облыстар анықталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауына байланысты жиын өтті. Жиында 42 аудан және 3 қала әкімінің сайлауы өтетіні хабарланды:

  • Абай: Кручатов қ., Абай ауданы
  • Ақмола: Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары
  • Ақтөбе: Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары
  • Алматы: Балқаш, Жамбыл аудандары
  • Атырау: Исатай, Қызылқоға аудандары
  • ШҚО: Алтай, Глубокое аудандары
  • Жамбыл: Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары
  • Жетісу: Кербұлақ, Сарқан аудандары
  • БҚО: Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары
  • Қарғанды: Приозерск қ., Ақтоғай, Осакаров аудандары
  • Қостанай: Рудный қ., Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федеров аудандары
  • Қызылорда: Сырдария, Шиелі аудандары
  • Маңғыстау: Бейнеу аудандары
  • Павлодар: Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары
  • СҚО: Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары
  • Түркістан: Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары
  • Ұлытау: Ұлытау ауданы

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда биыл республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы пилоттық түрде өтетінін мәлімдеген болатын. Ал 2025 жылдан бастап тұрақты түрде әкім сайлауы өтеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар мен табиғат ескерткіштері арасындағы айырмашылық

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz