Ауадан ақша жасау схемасы: Түркістанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды

Түркістанда 3 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды. Олардың әрқайсына 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2016-2021 жылдары "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырғанын анықтады.

Несие алу мақсатында жалған тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлік тіркелген. 

Тергеу барысында 33 дерек анықталған. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 көлік тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!