Ауа райының салдарынан жолда қалғандар пойызбен жеткізіледі

Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты шамамен 200 жолаушыны пойыздармен тасымалдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығынан Астана-Қарағанды және Астана-Павлодар бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуына байланысты, Ұлттық тасымалдаушы көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шұғыл шараларды іске асырып жатыр. Бұл шаралар шамамен 200 жолаушыны пойыздармен тасымалдауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың 3 қаңтарында келесі станциялардан жолаушыларды отырғызу ұйымдастырылады.

Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астана қалаларына тасымалдау):

  • №327 Қарағанды - Қостанай
  • №43 Алматы - Қостанай
  • №121 Семей - Астана
  • №45 Түркістан - Павлодар
  • №44 Қостанай - Алматы
  • №6858 Астана - Қарағанды
  • №7556 Астана - Қарағанды
  • №108 Астана - Жезқазған
  • №145 Қарағанды - Омбы

Павлодар және Ерейментау станцияларынан (Астана қаласына тасымалдау):

  • №7501 Павлодар - Астана
  • №7509 Павлодар - Астана
  • №139 Павлодар - Пресногорьковская

Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыз жағдайларында жолаушылардың тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз