Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалалық ТЖД "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері бұрқасын, аяз, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі", - делінген ТЖД хабарламасында.
Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес берді.
Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:
Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырыну қажет.
Егер сіз ғимаратта болсаңыз:
Егер сіз жолда болсаңыз:
Еске салайық, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!