- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райының қолайсыздығынан...
Ауа райының қолайсыздығынан 7 облыста жол жабылды
Ауа-райының нашарлауына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 8 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км автожол (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық түрі үшін)
Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)
1. "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық үшін);
2. "Алматы-Ташкент-Термез" -Жаңақұрлыс а.-Жамбыл обл.шек. (барлық түрі үшін);
Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, көрінуді шектеу)
1. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шек. - Зайсан қ.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" - гр.Алматы облысы-Қордай ауылы (барлық түрлер үшін), Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрі үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км(қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық түрі үшін);
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек.-Арқалық қ. (барлық түрі үшін)
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау кенті-гра.Қостанай облысы (барлық түрі үшін)
"Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 255 бірлік техника және 382 адам жұмылдырылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы