Елімізде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірнеше облыста жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:15-те ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 7-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00-де ашу жоспарланған.
Түркістан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тұрар Рысқұлов ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Жезқазған-Петропавл" автожолының 11-22 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласы - Сәтбаев қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауды ұйымдастыратынын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!