Елімізде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірнеше облыста жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қостанай облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:15-те ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 7-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00-де ашу жоспарланған.
Түркістан облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Түркістан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тұрар Рысқұлов ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ұлытау облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Жезқазған-Петропавл" автожолының 11-22 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласы - Сәтбаев қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Батыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
Абай облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысының шектелуі
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауды ұйымдастыратынын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова