Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында жол учаскелері жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін екі учаске жабылды.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы: - Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы: - Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ақмола облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат 2025 жылғы 20 қаңтар сағат 17:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Петропавл автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. - Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова