• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушы пойызбен тасымалданады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушы пойызбен тасымалданады
Фото: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауды ұйымдастырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана - Қарағанды және Астана - Щучинск бағыттарындағы тасжолдарда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді. Осыған орай, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы 500-ден астам жолаушыны қосымша пойыздар арқылы тасымалдау шараларын ұйымдастырып жатыр.

2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап жолаушылар үшін келесі станцияларда пойыздарға отырғызу ұйымдастырылады:

Бурабай курорты станциясынан (Астанаға дейін):

  • №6830 Көкшетау - Астана;
  • №7508 Көкшетау - Нұрлы жол".

Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астанаға дейін):

  • №6857 Қарағанды - Астана.

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырды.

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанда күн күрт салқындайтынын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget