Биыл 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл аудандарда қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты ҚТЖ станцияға келетін мына пойыздар кешігетінін хабарлады:
Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген.
"Тальго № 41/42 Алматы 2 -Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2-Орал стандартты пойызымен жүреді", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқан еді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!