Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1505-1864-шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас автожолының 383-704-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары автожолының 6-254-шақырымы аралығында (Ушановское ауылынан Үлкен Нарын ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова