Ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетау қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі Түркістан қаласында 31 желтоқсанда тұман күтіледі.

31 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 31 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман

31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 күтіледі.

31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Астана қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Абай облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

31 желтоқсанда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 31 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.

31 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 1-2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 2 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Жезқазған қаласында 31 желтоқсанда тұман күтіледі. 1 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 2 қаңтарда бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

31 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 2 қаңтарда бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағанды қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 1 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 2 қаңтарда бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

31 желтоқсанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 1 қаңтарда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз