Қазақстан облыстарындағы тасжолдардың көптеген учаскесінде қозғалыс қайта басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" бүгін таңертең ауа райына байланысты шектеу енгізілген көптеген учаскеде қозғалыс қайта басталғанын хабарлады.
Ақмола облысында сағат 07:00-ден бастап Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолының 16-200 шақырым учаскесінде (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сағат 08:00-ден бастап Астана - Петропавл тасжолының 18-232 шақырым (Астана-Щучинск учаскесі) учаскесінде қозғалыс ашылды.
Сонымен қатар Ақмола облысында қозғалыс ашылған тасжолдардың учаскелері:
Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашық учаскелер:
Қостанай облысында сағат 08:00-ден бастап Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 7-232 шақырым учаскесінде (Тобылдан Ақмола облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сондай-ақ Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін) учаскесіндегі шектеу алынды.
Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашылған тасжолдар:
Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынған тасжолдар:
Сағат 09:00-де Ұлытау облысында Жезқазған - Петропавл учаскесінде 132-252 шақырымындағы қозғалыс ашылды (Ұлытау шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!