- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол ашылып жатыр
Ауа райына байланысты жабылған тасжолдарда қозғалыс ашылды
Қазақстан облыстарындағы тасжолдардың көптеген учаскесінде қозғалыс қайта басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" бүгін таңертең ауа райына байланысты шектеу енгізілген көптеген учаскеде қозғалыс қайта басталғанын хабарлады.
Ақмола облысында сағат 07:00-ден бастап Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолының 16-200 шақырым учаскесінде (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сағат 08:00-ден бастап Астана - Петропавл тасжолының 18-232 шақырым (Астана-Щучинск учаскесі) учаскесінде қозғалыс ашылды.
Сонымен қатар Ақмола облысында қозғалыс ашылған тасжолдардың учаскелері:
- Жақсы - Есіл - Бузулук 72-82 шақырым, Ақсай - Бузулук учаскесі;
- Жезқазған - Петропавл 377-536 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Бузулук кентіне дейін;
- Жезқазған - Петропавл 536-595 шақырым, Бузулук кентінен СҚО шекарасына дейін.
Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашық учаскелер:
- Көкшетау - Рузаевка 40-61 шақырым, Ершовка ауылы учаскесі - СҚО шекарасы;
- Екатеринбург - Алматы 856-915 шақырым, СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін.
- Павлодар облысында Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолының учаскесінде 16-200 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін) қозғалыс ашылды.
Қостанай облысында сағат 08:00-ден бастап Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 7-232 шақырым учаскесінде (Тобылдан Ақмола облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сондай-ақ Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін) учаскесіндегі шектеу алынды.
Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашылған тасжолдар:
- Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы 555-729 шақырым (Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- Жезқазған - Петропавл 252-377 шақырым (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынған тасжолдар:
- Көкшетау - Рузаевка 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
- Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс 0-24 шақырым (Солтүстік Қазақстан облысының шекараларында);
- Жезқазған - Петропавл 595-706 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Новоишим ауылына дейін);
- Екатеринбург - Алматы 729-856 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Сағат 09:00-де Ұлытау облысында Жезқазған - Петропавл учаскесінде 132-252 шақырымындағы қозғалыс ашылды (Ұлытау шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә